Іс-шаралар
![](/images/it3/-/11/999.jpg)
Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Бас маманы азаматтық қорғау капитаны – Жаншурин Нұрсұлтан Тұрсынбекұлы мен инженері, азаматтық қорғау лейтенанты – Каукен Ғасырбек Ардақұлы мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Толығырақ
![](/images/it3/-/11/55555.jpg)
Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау – мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде жүргізілуде. Мектеп пен ЖОО арасында өзара бірлескен жұмыстар жүргізіліп, тығыз байланыстар орнатылған.
![](/images/it3/-/11/4444.jpg)
Мектеп түлектері тек қана еліміздің ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шетел елдерінің ЖОО-на оқуға түсуде. Биылғы жылы 2 оқушымыз Ресей Федерациясының, 5 оқушымыз Түркия, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірлігі, Чехия, Румынияның ЖОО-на оқуға түсіп отыр. «Шетелде білім алу» мәселесі бойынша біздің оқушыларымызға кең түрде ақпарат беріп, тығыз байланыс жасап отырған 10 жылдық тәжірибесі бар, 19 елмен серіктес «Nova Education» халықаралық компаниясы. Оқушыларымыз «Nova Education» ұйымдастыратын білім көрмесі мен түрлі олимпиадаларға белсенді қатысып отырады.
![](/images/it3/-/11/33333333333.jpg)
Қаламыздағы «Қостанай автомобиль көлігі колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы – Нұржанова Гульмир Карсаковна мектебіміздің 9-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша кездесу өткізді.
![](/images/it3/-/11/222222222.jpg)
Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің жетекші мекемесі, өндіріске және қоғамдық өмірдің басқа салаларына инновациялар мен ғылыми жетістіктерді енгізуді қамтамасыз ететін қаламыздағы «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ Азаматтық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы – Ахмединова Құралай Кенесовна мектебіміздің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
![](/images/it3/-/11/888888888.jpg)
Кәсіптік бағдар беру жұмысының аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы 2010 жылы негізі қаланған Назарбаев Университетінің студенттерді оқуға тарту офисінің аға менеджері – Нурхан Омарбеков мектебіміздің 10-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылған Назарбаев Университетінде қазіргі таңда әлемнің 55 елінен келген оқытушылар сабақ берсе, студенттер құрамын Қазақстанның барлық өңірінен келген 6000-нан астам студент, оның ішінде 164 шетелдік студент құрайды.
![](/images/it3/-/11/77777777777777.jpg)
Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жоғары оқу орны – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің биология ғылымдарының кандидаты, доцент – Конысбаева Дамиля Торемуратовна, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы – Кенжегулова Саягул Олжабаевна, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, ассистент – Толеуов Адилбек Утешович мектебіміздің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
![](/images/it3/-/11/123.jpg)
Кәсіптік бағдар беру негізінде Алматы қаласындағы Сәтбаев университетінің қонақтары мектебіміздің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. 2017 жылы Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (ҚазҰТЗУ) Сәтбаев университеті болып атауы өзгертілген болатын.
![](/images/it3/-/11/foto%20kollaz.jpg)
Кәсіптік бағдар беру негізінде Ұлыбританияның Лестер қаласында орналасқан жоғары оқу орны – Де Монфорт университетінің Қазақстандағы филиалы, Ұлыбританияның білім беру бағдарламаларын оқыту үшін құрылған алғашқы британдық университетінің студенттер рекрутингі бөлімінің аға менеджері – Байгуттинов Бекзат Серикжанович мектебіміздің 11-сынып білім алушыларымен кездесу өткізді.
![](/images/it3/-/11/787.jpg)
Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша қаламыздағы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Қайта өңдеу және стандарттау» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары, техника ғылымдарының кандидаттары – Молдахметова Замзагуль Корганбековна мен Хасенов Уралбай Байзакович мектебіміздің 11-сынып білім алушыларымен кездесу өткізді.
![](/images/it3/-/11/97.jpg)
Кәсіптік бағдар беру негізінде қаламыздағы ПБ ЖПҚБ ЮПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Бисимбаева Маржангуль Бауржановна мен мектеп инспекторы Бейсенова Асем Бахиткиреевна 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
![](/images/it3/-/11/7.jpg)
Кәсіптік бағдар беру негізінде "Тұран-Астана Университеті" Ұлттық және халықаралық кафедрасының аға оқытушысы Какимжанова Нургуль Тукеновна 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
![](/images/it3/-/11/54.jpg)
6697 әскери бөлімінің әскери қызметшісі майор Ибрагимова Жанар Нұрқанқызы мектебіміздің 11-сынып оқушыларымен Петропавл қаласында орналасқан Ұлттық ұланның Әскери академиясына оқуға түсу бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
![](/images/it3/-/11/whatsapp%20image%202023-05-02%20at%2018.23.48.jpeg)
Кәсіптік бағдар беру негізінде мектепішілік жоспарға сәйкес оқушылардың ата-аналары - түрлі кәсіп өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру мақсатында 9-11 сынып оқушыларымен «Мен мамандық әлеміндемін» атты кездесу кеші өтті. Кездесудің мақсаты: Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, түрлі маман иелерімен кездесу.
![](/images/it3/-/11/1.jpg)
Кәсіптік бағдар беру аясында «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті», П.Чужинов атындағы экономика және құқық институты, Психология кафедрасының аға оқытушысы – Рахматулина Аина Руслановна 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Психолог» мамандығы жайында кеңінен түсінік беріліп, оқушылармен пікір алмасу жүзеге асты.
![](/images/it3/-/11/foto.jpg)
«Мамандықтың бәрі жақсы» кәсіптік бағдар беру жобасы аясында 9-сынып оқушылары Қостанай қаласының №6 өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасады.