«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

2023 жылғы талапкерлер! Негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау басталды. Тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі. ҰБТ өткізу мерзімі: 2023жылғы 16 мамыр – 5 шілде.

Маңызды:

  • 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында ҰБТ-ның 1 мүмкіндігіне;
  • 7 мамыр мен 14 мамыр аралығында 2 мүмкіндігіне өтініш беру қолжетімді болады.

Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өту орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды.

Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.

Бұл ҰБТ-ға қатыса алады:

*2023 жылғы мектеп және колледж түлектері;

*мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;

*шетелде 11 (12) сынып білім алушылары;

*қандастар;

*шартты түрде оқып жатқан студенттер.

Ағымдағы (2023) жылдың мектеп түлектері ҰБТ-ға тегін қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге.