«Кітап оқитын ұлт» жобасы
2025 жылғы 4 қыркүйектен бастап Қостанай қаласында «Кітап оқитын ұлт» пилоттық жобасы іске қосылды. Аталған жобаға Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының білім алушылары белсене қатысты. Жоба аясында 6 -10 сынып білім алушылары әр апта сайын «20 минуттық кітап оқу» бағдарламасында ұсынылған әдебиеттерді жүйелі түрде оқып шықты. Оқушылар арнайы платформада тіркеліп, оқыған кітаптары бойынша тест жазып, оқылған шығармалардан алған әсерлерімен бейнежазба түрінде бөліскен. Мектебімізде «Кітап оқитын ұлт» атты арнайы ақпараттық стенд безендірілген, кітапханадан жобаны насихаттауға арналған тақырыптық көрме және әдебиеттер бұрышы ұйымдастырылды. Жобаға байланысты кітапханашы мен мұғалімдер тарапынан тұрақты тұрде әңгімелер, ақпараттық сағаттар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мектебіміздің ұстаздары және оқушылары «Кітап оқитын педагог» және «Кітап оқитын мектеп» бағыттары бойынша облыстық байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, мұғалімдер жүлделі І орын және ақшалай 1 000 000 млн.теңге сыйлыққа ие болды, оқушылар ІІІ орын және 400 000 теңге ақшалай ұтып алды.
Қостанай облысында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Оқы және жең» атты облыстық онлайн байқауы биыл төртінші рет өткізілді. Байқау үш кезеңге бөлінді оқырмандар берілген кітаптарды оқып, онлайн тест тапсырды. Тестен жоғары ұпай жинаған оқырмандар төртінші кезеңге іріктеліп алынып, оқылған шығармалары туралы эссе жазды. Нәтижесінде үздіктер анықталып, жеңімпаздар арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздардың қатарында декреттік демалыста отырған біздің мұғаліміміз Жаппаспаева Гульбаршын Айткуловна 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар 10«Б» сынып оқушысы Ермұханова Назира 25 000 теңге ақшалай жүлдені жеңіп алды. «Оқы және жең» онлайн байқауы қатысушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың білім көкжиегін кеңейтіп, шығармашылық белсенділігін дамытуға зор мүмкіндік берді. Алдағы уақытта да мұндай танымдық жобалар жалғасын табады деп жоспарлануда.
4 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК қазақстандық жазушы, балалар мен жасөспірімдерге арналған ең үздік әдеби шығарма бойынша Ыбырай Алтынсарин атындағы республикалық байқаудың жеңімпазы Нұрбек Нұржанұлымен кездесу өтті. Мектептің 5 сынып оқушылары танымал жазушымен тамаша кездесу өткізді. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кітап әлеміне деген сүйіспеншіліктерін арттырды.
9 ақпан – Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай мектебімізде 7–8 сынып оқушыларының қатысуымен тағылымды поэзия кеші өтті. Кеш барысында жас оқырмандар ақиық ақынның жүрекке жетер жырларын мәнерлеп оқып, сырлы әндерін шырқап, Мұқағали шығармашылығына деген ерекше құрметтерін көрсетті. Бұл рухани кеш – жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеген, жүректерге жылу сыйлаған әсерлі шара болды.«Поэзия – махаббаттан жаралған…»
11 желтоқсан күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында мектеп кітапханасында 8 сынып оқушылардың арасында "Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы" атты интеллектуалды-танымдық ойыны өтті. ҚР Тәуелсіздігінің мерекесі қарсаңында оқушылар белсенді қатысып, ойынның 4 кезеңі бойынша сұрақтарға жауап берді, өз білім деңгейін анықтап, ойлау қабілеттерін дамытып, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдірді
14 ақпан -Халықаралық кітап сыйлау күніне орай 5-сынып оқушыларың арасында «Оқы және бөліс» атты кітап оқу челленджі ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның басты мақсаты - оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, өз ойын еркін жеткізе білуге және оқыған шығармалары бойынша пікір алмасуға үйрету. Челлендж барысында қатысушылар өздері оқыған кітаптарын таныстырып, мазмұнынын қысқаша әңгімелеп, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға берді. Сонымен қатар, балалар сүйікті шығармаларынан үзінділер оқып, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті. Оқушылар белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Шара жас оқырмандардың ой-өрісін кеңейтіп, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті. «Оқы және бөліс» челленджі оқушылардың білімге құштарлыққа баулып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шаралардың бірі болды.
19 ақпан күні сахна аңызы, қазақ КСР актері Кәукен Кенжетаевтың туғанына 110 жыл толуына орай Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханада "Кино және Сахна аңызы Кәукен Кенжетаев" атты танымдық сағат өтті. Іс-шараға 7 сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқушылар интерактивті ойында, шығармашылық тапсырмалар орындап, өз өнерлерін көрсеті. Кездесу барысында қатысушылар қазақ театр және кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның өнегелі өмір жолымен танысты.
23 ақпан күні Л. Толстой атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында мазмұнды әдеби іс-шара өтті. Аталған шараға мектептің 10 «Б» сынып оқушылары қатысып, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Қабдеш Жұмаділов шығармашылығымен кеңінен танысты. Іс-шара барысында қаламгердің тарихи тақырыпты терең қозғайтын «Тағдыр» романы талқыланып, ұлт тарихының көркем айнасы екені жан-жақты айтылды.
22 сәуір күні мектепте «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Ұлттық кітап күніне» орай «20 минуттық кітап оқу» бағдарламасы аясында «Сүйікті кейіпкерлер ізімен» 5-8 сынып оқушыларының арасында байқауы өтті. Байқау «Кітап оқитын ұлт» жобасы бойынша және «100 кітап» тізіміне енген шығармалар негізінде оқушылардың жас ерекшелігіне сай қазақ, орыс жазушыларының шығармалары бойынша өткізілді. Байқаудың мақсаты: білім алушыларды көркем, әдеби мұраға баулу, олардың рухани, адамгершілік және эстетикалық қасиеттерін қалыптастыру, оқушыларды оқуға тарту және олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін жағдай жасау көзделді. Театрлық қойылым байқауында 5-8 сынып оқушылары Баянғали Әлімжанотың «Мейірімді Асқар»,Тәкен Әлімқұловтың «Караой», В.Железниковтың «Чучело», Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» т.б сахналық қойылымдар көрсетті. Нәтижесінде 6 «В» сыныбы 1 орынды, 6 «Б» сыныбы 2 орынды, 5 «А» және 6«А» сыныбы 3 орынды иеленді. Оқушылар жақсы шығармаларды еске алып қана қоймай, түрлі әдеби бағыттар әлеміне еніп кетті. Сахнаға дайындық кезінде олар оқып дайындалды, олар театр сахнасының әлемін білуге қызығушылық танытты.




























































































