Іс-шаралар
"Менің отбасым-Қазақстанның бір бөлігі" облыстық медиа-конкурста 3 орын 10А сынып оқушысы Сапаргалиева Жансая марапатталды. Тәлімгер: мектеп психологі Умуртаева Г.А.
"Жаңа орта-жаңа мүмкіндік: 5-сынып оқушыларының бейімделуі" ата-аналар жиналысы
10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай мектеп оқушыларымен «Жақсы көңіл-күй қобдишасы» атты психологиялық іс-шара өткізілді.
Кәсіптік бағдар беру және психологиялық қолдау жұмыстары аясында менеджер Еликбаева Нургул Молдабаевна мен мектеп психологы Умуртаева Гульмира Аузбаевна 8–11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға болашақ мамандықты таңдауда жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын ескерудің маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ ҰБТ мен мемлекеттік емтихандарға психологиялық дайындық, қобалжуды жеңу, эмоциялық тұрақтылықты сақтау және уақытты тиімді жоспарлау бойынша кеңестер берілді.




























































































