Мектеп кітапханасы
Кітапхана оқу - тәрбие процесі мен ғылыми зерттеулерді әдебиеттер мен ақпараттық материалдармен қамтамасыз ететін мамандандырылған мектеп - гимназия - интернатының құрылымдық бөлімшесі, сондай - ақ білімді тарату, рухани, зияткерлік қарым - қатынас, мәдениет орталығы болып табылады.
Қ і т а п қ о р ы
|
|
Кітапхана қызметінің негізгі бағыттары: - Мектеп оқушылары мен педагогикалық ұжымды оқу - тәрбие процесін және өздігінен білім алу жолымен кітапханалық - библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету; |
|
Ақпараттық қызметтерді ұсыну
|
Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми - педагогикалық кітапханасы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының аясында «Балалар кітапханасы» жобасы енгізілді.
Жоба мақсаты:
Балалардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем, танымдық әдебиетпен таныстыру, сыныпта, достарының арасында, отбасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
Жобаның міндеттері:
Балаларға әдеби шығармаларды ұсыну арқылы олардың ой - өрісін дамыту.
Кітап оқу арқылы баланың шығармашылық ойлауын, тіл байлығын арттыру.
Кітап оқу әдетін қалыптастыру.
Жас оқырмандардың қызығушылықтарын зерттеу және олардың таңдауы бойынша кітаптарды іріктеу.
Әдебиетке деген сүйіспеншілікті ояту.
Әдеби кештер, кітап талқылаулары, кітап көрмелерін ұйымдастыру.
«Балалар кітапханасы» жобасы:
Әдеби кеш / кітаптар көрмесі / кітап кейіпкерлерінің конкурсы
2023 - 2024 оқу жылы 28 наурыз күні А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында облыстық деңгейдегі «Сөз құдіреті» көркемсөз оқу шеберлері байқауына белсенді қатыскан 7 А сынып оқушысы Сагитова Адина
2023 - 2024 оқу жылы 5 - 9 сынып арасындағы «Менің сүйікті кітабым» театрлық қойылым фестивалінде
2024 - 2025 оқу жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 29 қаңтар күні 8 сынып оқушылардың арасында Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында
Т.Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған «Өлең мен өмір» атты поэзия кеші.
2024 - 2025 оқу жылы
Жаңа кітап
«Балалар кітапханасы» жобасы:
- «Кітаптар айналымы» акциясы
✔ 20 минуттық оқу -
2021 - 2022 оқу жылын бастап «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша мектепте әр сейсенбі сайын «20 минуттық кітап оқу» акциясы ұйымдастырылды. Үзіліс кезінде балалар 8.05 - те жоба бойынша «100 кітап» тізіміне кірген кітаптарды оқуы тиіс. Оқушылар оқыған кітаптары туралы эссе жазады, бейнебаяндар жасайды, кіші сыныптар оқыған кітаптарының кейіпкерлеріне сурет сала алады. Әр тоқсанның соңында нәтижелер бойынша үздік сыныптар мен белсенді оқушылар грамоталарымен марапатталады.
«Балалар кітапханасы» жобасы:
- «Шын жүректен кітап сыйла!» челлендж
2024 - 2025 оқу жылы 14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күні. Мерекенің мақсаты- қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап оқуға шақыратын ерекше мейрам. Бір біріне жақсы кітап сыйлап дәстүр болып, ғасырлар бойы өмір сүріп, өркендеп, кітап адамдарға жақындай түседі.
2023 - 2024 оқу жылы «Мектепке кітап сыйлаңыз» атты акциясының нәтиже бойынша оқушылар 16 кітап сыйлаған