«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

МЕКТЕП ТАРИХЫ

 

Қостанай қаласының орталығында Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты Ұлы педагог – ағартушы Ыбырай Алтынсариннің баға жетпес  күшімен пайда болған мектептерінің бірі.

1879 жылы облыс орталығы Қостанай қаласын құру туралы мәселе тұрған кезде, бір мезгілде мектеп үйінің ірге тасын қалау жөніндегі мәселе шешілді. Мектеп құрылысы 1882 жылы басталып, ал 1884 жылы Троицк орыс – қазақ мектебі  Қостанай қаласына көшірілді. «Қостанай екі сыныптық орыс – қазақ училищесі» болып аталды.

1884 жылы екі сыныптық орыс-қырғыз (қазақ) мектебі ашылды. 1897 жылы училище жанынан педагогикалық сынып ашылып, кейін екі жылдық педагогикалық курс интернаты болып өзгертілді. Курстар «жеңілдетілген түрдегі» мұғалімдер мектебі болып есептеліп, бастауыш училище және ауыл мектептерінің мұғалімдерін дайындады. Педагогикалық сынып қабырғасынан мұғалім болған Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетілеуов болды.

1917 жылы уездік бастауыш мектеп «Қазкоммуна 7 жылдық мектебі». Қазан революциясына дейін өзінің бастапқы қалпында болды, ал 1917 жылдан бастап, алғашқыда бастауыш меткеп болды.          

1920-1922 жылы «Балалар коммунасы»/ «Қызыл коммуна»/ мектебі. 1922 жылдан бастап жеті жылдық балалар қазақ коммунасына айналды. Азаматтық соғысы мен құрғақшылық халықтың білім алуына әсерін тигізді. Халықтың сауатсыздығына және жетімдер санының артуына байланысты қазақ кедейлерінің балалары он жастан интернатқа қабылданып, толықтай мемлекеттің қамқорлығында болды.  

 1924 жылы жеті жылдық мектебі. Жеті жылдық мектеп/ мектеп алғашында Ленин, кейін Мирзоян атымен аталды.

 1938 жылы Жамбыл Жабаев атындағы №1 орта мектеп – интернаты. 1938 жылы 100 адамға шақ интернаты бар орта мектепке айналып, Жамбыл Жабаев атымен аталды.1939 жылы облыста ашылған мұғалімдер институтының оқу корпусы 1943 жылы мектеп ғимаратына орналасты. 50-ші жылдары мектеп-интернаттың ескі ғимаратында жетім балалар мен шалғай аудандардың балалары білім алды, ал оқу корпусына №13 қазақ ОМ (№22) орналасып, қалалық балалар оқыды.   № 13 (22) орта мектеп.

1960 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы мектеп – интернаты болып құрылды. Арада бес жыл өткен соң № 22 орта мектеп № 1 мектеп – интернатымен біріктірілді. Осы уақыттан бастап жаңа оқу ғимаратының құрылысы қолға алынды. Ал мектептің ескі үйі біртіндеп қирай бастағандықтан, 1968 жылы еңбекшілердің халық депутаттары шешімімен түгел бұзылды.

Мектеп 1992 жылы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық лицей болып аталды.

1994 жылы Ы. Алтынсарин атындағы №1 педагогикалық лицей-интернаты.

 2000 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп – интернаты болып өзгертілді. «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Қазақстан Республикасы 1996 жылы 30.05 Қостанай облысы әкімнің 2000 жылғы 18 сәуірдегі «№92 шешімі бойынша Қостанай қаласындағы «Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты болып қайта ұйымдастырылды.

Заңды тұлғаның мемлекеттік атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі. Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты – бұл көпжылдық тарихы бар жаңа инновациялық білім беру ұйымы.

 2019 жылдың 5 қарашада №476 бұйрығы бойынша  мектеп «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған  мектеп-интернаты» деп өзгертілді.

Ұлы ағартушы негізін қалаған Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат шәкірттер тәрбиелеуде. Қостанай қаласындағы осы қазақ мектебі қаншама түлекті тәрбиелеп шығарды.

Ең алғашқы оқушылар саны бас-аяғы – 35 қазақ баласы болды.

Училищенің алғашқы ұстаздары Абдығалы Балғымбаев, Ф. Соколов, Н. Даулетқалиев, А. Киилячковтар болған. Ыбырай Алтынсарин мектеп алғашқы ашылған күні сабақты өзі берді. Педагогикалық сынып қабырғасынан Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетілеуов сияқты атақты тұлғалар шықты. Мектеп құрылғаннан бері онда көптеген тамаша мұғалімдер жұмыс істеді: Шайхин М., Ибраев Д., Ешімханов С., Жаукин С., Көкжанов Б., Садуақасов К., Өтенов Р., Көпешев Б. сияқты мұғалімдер мектептің дамуына үлкен үлес қосты. Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының өркендеуіне өз үлестерін қосқан директорлар:

Шайхин Мырзахмет (1941-1944)

Дәулет Ибрайұлы (1947-1961)

Ешімханов Сағынбай (1961-1963)

Садық Жәукеұлы Нысанбай (1964-1969)

Көкжанов Болат Тасмаханұлы (1969-1974)

Садуакасов Қосымжан Рақымжанұлы (1974-1976)

Өтенов Ырсалды Қадырұлы (1977-1983)

Көпешов Беген Қаженұлы (1983-1991)

Жәркенов Кәрім Жаркенұлы (1991-2003)

Қайырова Сәбира Бірмағанбетқызы (2003-2012)

Карпыкова Галина Уразовна (2012-2017)

Келинбердиева Ырсалды Сеилхановна (2017ж бастап)

 

  • 1882 жылы Қостанайда мектеп құрылысы басталды;
  • 1884 жылы Троицкідегі орыс-қазақ екі сыныптық училищесі Қостанайға көшірілді;
  • 1897 жылы училище жанынан педагогикалық сынып ашылды;
  • Кейін екі жылдық педагогикалық курс-интернаты болып өзгертілді;
  • Училище 1917 жылы қазақ балаларының коммунасы болып аталды;
  • 1923 жылы жеті жылдық мектебі болды;
  • 1933 жылы Л. Мирзоян атындағы мектеп, милиция мектебі болып аталды;
  • 1938 жылы Жамбыл Жабаев атындағы № 13 (22) орта мектеп-интернаты болып аталды;
  • 1960 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты болып аталды;
  • 1965 жылы № 22 орта мектеп № 1 мектеп-интернатымен біріктіріліп, сол уақыттан бастап жаңа оқу ғимаратының құрылысы қолға алынды;
  • 1968 жылы еңбекшілердің халық депутаттары шешімімен түгел бұзылды;
  • Мектеп 1992 жылы Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық лицей болып аталды;
  • 1997 жылы Елбасымыздың өңірлерде дарынды балаларға арналған мектептерді ашу туралы бұйрығына сәйкес 2000 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп – интернаты атағы берілді;
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының Әділет департаменті Қостанай қалалық Әділет басқармасында 2019 жылдың 4 желтоқсан айынан бастап қайта тіркеуден өтіп, Ыбырай Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты атауын алды.
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының Әділет департаменті Қостанай қалалық Әділет басқармасында 2022 жылдың 26 қыркүйек айынан бастап қайта тіркеуден өтіп,  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия-интернаты»коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта тіркелді.

Қостанайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінің суреті XX ғасырдың басы, 30-жылдар

1884 ж. Ы. Алтынсарин ашқан Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесі XX ғасырдың 50-жылдары

Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты