«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Кәсіптік бағдар беру негізінде мектепішілік жоспарға сәйкес оқушылардың ата-аналары - түрлі кәсіп өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру мақсатында 9-11 сынып оқушыларымен «Мен мамандық әлеміндемін» атты кездесу кеші өтті. Кездесудің мақсаты: Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал  жасау, түрлі маман иелерімен кездесу.

Кездесуге 10 «А» сынып жетекшісі – Ермагамбетова Меруерт Кайыркенкызы мен 10 «Б» сынып жетекшісі - Тасанова Гульмира Мухаметжановнаның ұйымдастыруымен 10 «А» сынып оқушысы – Есиргепова Амираның анасы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің оқытушы-әдіскері, полиция капитаны – Есиргепова Динара Мендыгалиевна мен 10 «Б» сынып оқушысы Турар Темирланның анасы - «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті», Экономика және құқық институты, экономика және қаржы кафедрасының аға оқытушысы, қаржы магистрі - Абжанова Акбота Куанышевна келді. Кездесу барысында кеш қонақтары өздерінің мамандықтары туралы түсіндіріп, ой бөлісті. Келген қонақтармен ойындар ойнатылып, жағдаяттар талданды. Қонақтарға мамандық жайында түрлі сұрақтар қойылып, пікір алысып, сұхбат жүргізілді. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті  және маңызды іс. Сондықтан да мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін айқындауға көмектесу жолында түрлі маман өкілдерімен кездесудің маңызы өте зор.