«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Кәсіптік бағдар беру жұмысының аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы 2010 жылы негізі қаланған Назарбаев Университетінің студенттерді оқуға тарту офисінің аға менеджері – Нурхан Омарбеков мектебіміздің 10-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылған Назарбаев Университетінде қазіргі таңда әлемнің 55 елінен келген оқытушылар сабақ берсе, студенттер құрамын Қазақстанның барлық өңірінен келген 6000-нан астам студент, оның ішінде 164 шетелдік студент құрайды.

Нурхан Омарбеков оқушыларға Университеттің мектептері – дайындық мектебі, инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, медицина мектебі, жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі туралы айтып, Университет алдындағы дайындық бағдарламасы конкурсына грант және ақылы оқуға түсу үшін қойылатын ең төменгі талаптарға тоқталды. Мемлекеттік грант, «Абай Құнанбаев» гранты, «Ы.Алтынсарин» грантының талаптары, сонымен қатар тілдік тест нәтижелері бойынша да Нурхан Омарбеков оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, қосымша мәліметтермен таныстырды. Университетте білім алып жатқан студенттер өмірі жайлы қызықты мәліметтермен әлем тілдері, лингвистика және әдебиет бағдарламасының 2 курс студенті – Диана Байтемирова оқушылармен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар Назарбаев Университеті туралы толық мағлұмат ала алды.