«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша қаламыздағы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Қайта өңдеу және стандарттау» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары, техника ғылымдарының кандидаттары – Молдахметова Замзагуль Корганбековна мен Хасенов Уралбай Байзакович мектебіміздің 11-сынып білім алушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында білім алушыларға университет тарихы таныстырылып, «Азық-түлік өнімдері технологиясы», «Қайта өңдеу және тамақ өндірістерінің технологиясы», «Тамақ өнімдерін өндірудегі стандарттау және сертификаттау» мамандықтары жайлы мәліметтер беріліп, оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі таныстырылды. Университеттің 3-курс студенті – Рамазанова Атия мен 1-курс студенті – Гафурбек Айсауле өз мамандықтары бойынша білім алушыларға қызықты мағлұмат беріп, сұрақтарына жауап берді.