«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Кәсіптік бағдар беру негізінде қаламыздағы ПБ ЖПҚБ ЮПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция лейтенанты Бисимбаева Маржангуль Бауржановна мен мектеп инспекторы Бейсенова Асем Бахиткиреевна 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы, Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы туралы жан-жақты мағлұмат берілді. ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының түлегі Б.М. Бауржановна өзі бітірген академия тарихымен оқушыларды таныстыра отыра, оқуға қабылдау шарттары мен оқытудың артықшылықтары туралы түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.