«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Мектеп түлектері тек қана еліміздің ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шетел елдерінің ЖОО-на оқуға түсуде. Биылғы жылы 2 оқушымыз Ресей Федерациясының, 5 оқушымыз Түркия, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірлігі, Чехия, Румынияның ЖОО-на оқуға түсіп отыр. «Шетелде білім алу» мәселесі бойынша біздің оқушыларымызға кең түрде ақпарат беріп, тығыз байланыс жасап отырған 10 жылдық тәжірибесі бар, 19 елмен серіктес «Nova Education» халықаралық компаниясы. Оқушыларымыз «Nova Education» ұйымдастыратын білім көрмесі мен түрлі олимпиадаларға белсенді қатысып отырады.

20 қазан күні «Nova Education» компаниясының бас директоры – Дюсюпов Бейбит Кадырбекович пен мектебіміздің кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы, мектеп менеджері – Еликбаева Нургул Молдабаевнаның ұйымдастыруымен «Шетелде білім алу» жайында мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Қазақстандық жастардың өз білімін одан әрі шыңдау мақсатында шетелге оқуға түсуі жайлы Бейбит Кадырбекович сөз ете отыра, шетелде білім алудың мүмкіндіктеріне тоқталып, оқушыларды көптеген ақпараттардан хабардар етті. Кездесу соңында компаниямен тығыз байланыс орнатып, білім саласын дамыту жолында аянбай қызмет етіп, жастарымыздың шетелде сапалы білім алуына ат салысып, маңызы бар жобаларды іске асыруда қолдау көрсетіп жүргені үшін мектеп ұжымына алғыс білдіре отыра, арнайы дайындаған алғыс хатын тарту етті.