«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау – мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Мектебімізде кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде жүргізілуде. Мектеп пен ЖОО арасында өзара бірлескен жұмыстар жүргізіліп, тығыз байланыстар орнатылған.

Соның бірі, еліміздегі 1996 жылы ашылған оқу үдерісін халықаралық үлгідегі бағдарламаға сай жүргізетін алғашқы жоғарғы оқу орындарының бірі – Сулеймен Демирел атындағы Университеттің (СДУ) мамандарымен өткен кездесу. Кездесу барысында түлектермен жұмыс және карьера бөлімінің маманы – Өмірзақ Рахым мен рекрутинг бөлімінің маманы – Косыбаков Талап Алмазович 11-сынып оқушыларына университет тарихы, СДУ ұсынатын мүмкіндіктер, мемлекеттік грантқа түсу жолдары жайында толық мағлұмат берді. Алдағы уақытта да аталмыш университетпен бірлескен жұмыстар жүргізу жалғаса бермек.