«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің жетекші мекемесі, өндіріске және қоғамдық өмірдің басқа салаларына инновациялар мен ғылыми жетістіктерді енгізуді қамтамасыз ететін қаламыздағы «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ Азаматтық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы – Ахмединова Құралай Кенесовна мектебіміздің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

 Кафедра заң факультетінің негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлігі болып табылады. Кездесуге келген заң мамандығының 2 курс студенттері – Асанхан Әділ Рустемұлы, Темиртекова Шугыла Сериккызы, Баисова Гульзат Нурлыбековна, Сейтжанова Шырай Бекзатқызы, Сабыров Бағдат Алмасұлы, Сейсенбаев Алибек Карасаевич, Абенов Чингиз Русланович өз мамандықтарының ерекшеліктерімен оқушыларды таныстырып, қызықты әрі пайдалы мәліметтермен бөлісті. Кездесу барысында «Тұтынушының құқықтары» тақырыбында оқушылармен топтық жұмыс жүргізіліп, әр оқушының пікірі ортаға салынды. Өз ойын терең жеткізе білген топтарға университет журналдары табыс етілді. Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестікке қарсы тұра алатын, терең теориялық білімі мен практикалық жұмыс дағдылары бар білікті заңгерлерді даярлауда атқарар рөлі орасан зор бұл жоғары оқу орнымен алдағы уақытта да тығыз жұмыстар жүргізілетіні сөзсіз.