«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Орталық және Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі аграрлық білім ордасы, астанамыздың алғашқы жоғары оқу орны – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің биология ғылымдарының кандидаты, доцент – Конысбаева Дамиля Торемуратовна, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы – Кенжегулова Саягул Олжабаевна, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, ассистент – Толеуов Адилбек Утешович мектебіміздің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушылар университет тарихымен танысып, университеттегі білім беру бағдарламалары топтары жайлы толық мағлұмат алды.
ҚазАТУ-да бірнеше факультеттер жұмыс жасайды:
- Агрономиялық факультет;
- Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті;
- Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті;
- Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті;
- Орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультеті;
- Техникалық факультет;
- Экономикалық факультет;
- Энергетикалық факультет.
Сонымен қатар, оқушылар жоғары білім мамандықтары бойынша қабылдаудың ережесі мен құжаттар тізімімен таныс болды.