Жаңалықтар
2023 жылдың 4 мамырында «ЖасStars – жарқын болашақ иесі» атты жас мамандар апталығының соңғы іс-шарасы «Colour Party» атты мұғалімдер арасында түрлі түсті кеш отырысы ұйымдастырылды. Мақсаты: мұғалімдер ұжымын ұйымшылдыққа, белсенділікке, шығармашылыққа жетелеу.
2023 жылдың 3 мамырында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында» КММ «ЖАС STAR – жарқын болашақ иесі» атты жас мамандар апталығы аясында «Жүйрік болсаң, озып көр!» атты мұғалімдер арасында квест ұйымдастырылды.
Бүгін 9-мамыр «Жеңіс күні» және 7-мамыр «Отан қорғаушылар» мерекесі аясында мектебімізде «Варшава келісімі» бойынша шет елдерде (Германия, Польша, Венгрия, Чехославакия, МНР) әскери борышын атқарған, Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстандық ардагерлердің қатысуымен «Ерлік сабағы» іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында қонақтар мен білім алушылар «Отанға деген сүйіспеншілік», «Отан алдындағы борыш», «Тарихи оқиғалар», «Халықтар бірлігі» тақырыптары аясында сұхбаттасты. Ал үйірме шәкірттері кездесуді күймен, әнмен, бимен әсемдеп, кештін көркін аша түсті.
2023 жылғы 28 сәуірде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы А. Байтұрсынов атындағы ҚРУ Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының базасында қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндері бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде білім беретін мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде білім беретін мектептердегі орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.
Жас мамандар апталығының ашылуы туралы ақпарат
2023 жылдың 2 мамырында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында» КММ «ЖАС STAR – жарқын болашақ иесі» атты жас мамандар апталығының ашылу салтанаты өтті.
29 сәуір күні мектебімізде Ybyrai CUP II облыстық дебат турнирі ұйымдастырылды. Турнирге Қостанай облысының 24 командасы қатысты. Атап айтқанда: А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері, Мендіқара ауданы, Әулиекөл ауданы, Қостанай ауданы, Федоров ауданы, Қостанай қаласының мектептері, Қостанай облыстық мектептері, НЗМ мектептерінен командалар қатысты.
10-11 сынып оқушылары "Таза мектеп ауласы" сенбілігін өткізді.
Қостанай облысы білім басқармасының “ Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмінің өңірлік орталығы” КММ ұйымдастырған облыстық “Дене тәрбиесінің үздік мұғалімі-2023” конкурсында Абдигалиев Н.У. жүлделі- I орынды иеленді.
1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні аясындағы "Бірлік сағаты"
Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Балалар жылына орай ұйымдастырылған Қазақстан мектептері мен колледждерінің бітіруші түлектер арасында өткен Республикалық ғылыми ІТ-жобалар байқауында 10 Б сынып оқушылары Мырзатаев Нуралы мен Утилиева Айдана жүлделі 2 орынға ие болды.
«Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК орталығының психологы Г.А.Бисимбаева 6-8 сынып оқушыларына нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің алдын алу және басқа да темекі қоспаларын қолдануды азайту мақсатында «Алкоголь, электронды темекі, шылым шегетін қоспалар, дәмдеуіштер және басқа да синтетикалық препараттардың зиянды әсері» тақырыбында дәріс өткізді.
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ "Облыстық "DODA" дарынды және шығармашыл балалар лигасы» жобасына 5 сынып оқушыларынан құралған "Дарын" және 6 сынып оқушыларынан құралған "Мен қазақпын" командалары барып, өз бақтарын сынап келді. 8 командадан алға суырылып 6 сынып оқушыларынан құралған "Мен қазақпын" командасы "Мобильді ойындар" сайысының жеңімпазы атанып "GAMER" марапатына ие болумен қатар, "ДОДА" жеңімпазы атанып, "Бас" кубоктың иегерлері болды.
"Салауатты өмір-жарқын болашақ" атты Салауатты-эстетикалық пәндер апталығы аясында 24 сәуір күні мектебімізде "Кумихимо" білезіктер тоқу техникасын үйрету бойынша мастер-класс өтті.
25 сәуірде өткен RoboLand-2023 VIII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінде "Шығармашылық" бағыты бойынша 10 Б сынып оқушылары Марзатаев Нуралы мен Утилиева Айдана жүлделі 1 орынға ие болып, Республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Жаппасбаева Г.А.
Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілген "NIS CUP 3" атты аймақты турнирінде "Соңғы рет келіп едік" фракциясы Қанатқызы Эльнура және Жаксимбекова Жансулу 1 орын иеленді. 36 спикердің ішінен көзге түсіп, спикерлік ұпай бойынша 2 және 3 орындарға орналасты.
2023 жылдың 18, 20 сәуір күндері Республика көлемінде 9-11 сынып аралығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Қостанай командасының қоржынында 16 жүлделі орын: І орын - 5, ІІ орын - 3, ІІІ орын - 8, грамота - 5. Бұл жеңіске біздің де оқушылар өз үлестерін қосты:
2023 жылдың 21 сәуір күні «Дарынды балаларға арналған білім-инновация лицей-интернаты» КММ базасында 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Лингвистикалық пәндер апталығы аясында 5-7 сыныптар арасында “Spelling Bee” сайысы болып өтті. Сайысқа мектеп бойынша шамамен 130 оқушысы қатысты. Сайыс 2023 жылдың 10-21 сәуір аралығында (бір апта бұрын басталып) өткізілді. Spelling Bee байқауының мақсаты:




























































































