2023 жылдың 15-16 тамыз аралығы Алматы облысы Сүлейман Демирел атындағы университет базасында «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының 25 жылдығына орай педагогикалық конференциясы өтті.
Педагогикалық конференцияның мақсаты: дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу процесінің сапасын арттырудың перспективалық тәжірибесін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі басым құндылықтарды анықтау.
Конференцияның «Жыл нәтижесі – 2023» марапаттау рәсімінде мектебіміздің директоры Келинбердиева Ырсалды Сиелхановна «ҮЗДІК КӨШБАСШЫ-2023» номинациясына ие болды. Сонымен қатар «ДАРЫН» РҒПО-ның 25 жылдық мерейтойына арналған төсбелгімен марапатталды.






































































































