Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 3 қазанда жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XV Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті. Олимпиада жаратылыстану-математика циклінің 4 пәні бойынша өткізілді: математика, физика, химия және биология.
Бүгін жоғары сынып оқушылары мұғалім болып, ұстаздарымыз қайта оқушы атанды. Ы.Алтынсарин атындағы ММГИ-дегі дублер күнін тамашалаңыздар!
Бүгін мектебімізде мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған «Менің алғашқы сабағым» атты флэшмоб өткізілді. Флешмобқа болашақта педагог мамандығын таңдаған 11-сынып оқушылары қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты болашақ мамандықты таңдауда өзін-өзі тану және өзін-өзі растау үшін жағдай жасау, педагогикалық мамандыққа қызығушылықты дамыту болды.
Бүгін мектебіміздің ата-аналар комитетімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ата-аналар комитетінің жылдық жоспары талқыланды және “Үндестік” жобасы аясында ата-аналардың іс-әрекеті жайлы сөз қозғалды.
1 қазан - Қарттардың халықаралық мерекесі. Осы мерекеге орай мектебіміздің төріне зейнеттегі ұстаздар мен қызметкерлер шақырылды. “Қарттарым - асыл қазынам” мерекелік іс-шарасына филармониядан қонақтар шақырылды, мектебіміздегі театр, домбыра, ән және би үйірмелерінің қатысушылары өз өнерлерін паш етті.
29 қыркүйекте мектебіміздің волейбол құрама командасы №15 мектептің құрама командасымен жолдастық кездесу өткізді. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
Қыркүйек айының соңғы жексенбісі - еңбек күні! Мектеп парламентінің мүшелері оқушылардың атынан мектеп қабырғасында еңбектеніп жүрген барлық жанға алғыс айтады.
Қазақстанда оқушылар арасында алғаш рет ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан әлем чемпионатында “Блиц” бойынша ІІ орынды иеленген мектебіміздің оқушысы Әлібекқызы Айымды құттықтаймыз!
Адам бүгін театрға ертең адам болып қалу үшін барады.
•Робер Лепаж
2023 жылдың 22 қыркүйегінде мектеп қабырғасында 10-11 сынып оқушылары мен Назарбаев Университеті өкілдерінің кездесуі өтті
Мектеп психологі Урумтаева Г.А. «Егер қиын болса – жай қоңырау шал» сенім телефоны жұмыс жасайтынын хабарлау мақсатында ата-аналармен және оқушылармен кездесу ұйымдастырды.
Бүгін мектепте жалпы ата-аналар және сынып жиналыстары ұйымдастырылды. Жиналыс күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
2023 жылдың 6-қыркүйек күні «Елбасы медалі» ұлттық жобасының қола медалінің жүлдегерлері марапатталды.
«Елбасы медалі» бағдарламасы - «Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын» орындау мақсатында еліміздің ең ауқымды челленджі болып саналады.
Бүгін мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары мен ювеналдық полиция бөлімшесі,
2023 жылдың 15-16 тамыз аралығы Алматы облысы Сүлейман Демирел атындағы университет базасында «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының 25 жылдығына орай педагогикалық конференциясы өтті.
Бүгін мектебімізде «Қош бол, мектеп!» атты салтанатты аттестат табыстау кеші өтті. Салтанатты іс-шара Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мұхаметқалиев Ринат Зәкиұлы және Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы басшының орынбасары Сюндикова Данагүл Жаппасбайқызының қатысуымен өтті. Биыл мектепті 53 түлек аяқтады, оның ішінде 2 «Алтын белгі» және 4 «Үздік аттестат» иегерлері.
2023 жылдың 1 маусым күні мереке аясында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Р.З.Мұхаметқалиев оқушыларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, Халықаралық ғылыми жобалар мен олимпиада жеңімпаздары мен жетекшілерін көрсеткен жоғары жетістіктері үшін марапаттады.
2023 жылдың 31 мамыр күні мектеп директоры Ы.С.Келинбердиева салтанатты түрде «Елбасы медалі» ұлттық жобасының күміс пен қола медалінің жүлдегерлерін марапаттады.




























































































