Жаңалықтар
Отырыс барысында озық тәжірибе мектебінің жетекші Ермагамбетова М.К. биылғы оқу жылына қойылған мақсаттар мен міндетерді, жұмыстың жоспарын өзектендіріп, озық тәжірибені анықтау, зерттеу, жинақтау, ұсыну әр кезеңіне тоқталып кетті. Сонымен қатар озық тәжірибені жалпылау және зерделеу Ережелерімен таныстырды.
Мектебіміздің 6 сынып оқушылары Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында республикамызға есімі белгілі жазушылар – павлодарлық Нұрбек Кеңесбай және алматылық Орал Арукеновтың қатысуымен өткен іс-шараға қатысты.
Ыбырай Алтынсариннің атын алған астаналық BINOM мектебінің ұжымы мектебімізге қонаққа келді. Іссапарға келген әріптестеріміз мектебіміздің тарихымен, ішкі жүйесімен және мұражаймен танысты. Болашақта бірге атқарылатын жұмыстар талқыланып, біраз жоспарлар құрылды. @binom.altynsarin мектебінің ұжымына алғыс білдіреміз!
2023 жылдың 20 қазан күні жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың ІІ (іріктеу) кезеңі өтті. Кезең қорытындысы бойынша олимпиаданың соңғы кезеңіне қатысатын оқушылар іріктелді.
Ағымдағы жылдың 20 қазан күні Республика күніне орай ұйымдастырылған "Қазақстан - жаңа әлемде" атты облыстық шығармашылық конкурсы өтті. Байқаудың мақсаты - оқушылардың көркемдік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнер саласындағы таланты және дарынды оқушыларды анықтау.
Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында Республика күніне арналған “Мәңгі жаса, қыран елім - Қазақстан!” атты мерекелік салтанатты іс-шара өткізілді
Республика күніне орай “Асық ату” мен “Бес асық” спорт түрінен қалалық турнир өтті. Біздің оқушыларымыз жүлделі
20 қазанда Ы.Алтынсариннің туған күніне орай мектеп-гимназия- интернатында “Қостанай дарыны” өңірлік оқу-әдістемелік орталығымен бірлескен облыстық “Ыбырай оқулары” ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Ы.Алтынсариннің шығармаларын өскелең ұрпақ арасында насихаттау, дәріптеу.
Республика күніне орай “Шахмат” үйірмесінің шәкірттері арасында шахматтан блиц-турнир өтті.
Ағартушы -педагог Ы. Алтынсаринге арналған “Даланың алып қоңырауы” атты апталықтың төртінші күні мектебімізге биыл қабылданған 5-сынып оқушыларымен Ыбырай атамыздың кесенесіне бардық.
10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай мектеп психологі Умуртаева Г.А. 7-8 сынып ата-аналарына арналған тренинг өткізді.
Ағымдағы жылдың 18 қазанында Ұлы ағартуашы, педагог Ы.Алтынсаринге арналған «Даланың алып қоңырауы» атты апталық аясында мектебімізде әдістемелік бірлестіктер арасында КВЕСТ ойыны өткізілді.
Республика күніне орай Қостанай облысы әкімідігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырылуымен өткен облыстық Турнир «Асық ату» 2010-2012 жылғы жасөспірімдер арасында 5 «А» сынып оқушысы Қанатұлы Қайырлан жүлделі III орынды иеленді.
ДИКТАНТ- САУАТТЫЛЫҚТЫҢ ШЫҢЫ
Ағартушы-педагог Ы. Алтынсаринге арналған «Даланың алып қоңырауы» атты апталықтың екінші күнінде мектеп-гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Булекбаева Ж. С, Тасанова Г.М, Ермагамбетова М.К «Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы» деп аталатын айдармен 5-7-сыныптарда қазақ тілі сабақтарында Ыбырай атаның әңгімелерін дәріптеу мақсатында «Жаман жолдас» (5-сыныпқа), «Бір уыс мақта» тақырыптарында (6-7-сыныптар) диктанттар жазды.
Бүгін мектебімізде Ы.Алтынсариннің шығармашылығымен танысу мақсатында ұйымдастырылған "Ыбырай әлеміне саяхат" атты интеллектуалды квест ойыны өтті.
Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп - гимназия - интернатында бүгін ағартушы - педагог Ы. Алтынсаринның 182 жылдығына орай «Даланың алып қоңырауы» атты апталық ашылды. Салтанатты жиын Ыбырай атаның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен ашылып, 5 - сынып оқушылары Ыбырай атаға әңгіме, өлеңдерін айтып, жырдан шашу шашты.
Ағымдағы жылдың 16 қазанында облысымызда «Менің кіші Отаным» атты VI Республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті. Конкурс 9-10 сынып оқушыларына арналған және олардың қоғамдық белсенділігін дамытуға, өлкетану мен мемлекетіміздің тарихын тереңірек білуге бағытталған.
«Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК 9 сынып оқушылары үшін «Кәмелетке толмағандар арасында психоактивті заттардың алдын алу» тақырыбында семинар-тренингті өткізілді.
Бүгін мектепішілік 8-11 сыныптар арасында «Солистер» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - оқушыларға соқыр он саусақты әдісті меңгеру және компьютер пернетақтасында басып шығару жылдамдығын арттыру, оны іс жүзінде қолдану; он саусақты әдіспен мәтіндік ақпаратты теру дағдыларын дамыту.
Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы ММГИ-де мектеп президентін сайлау өткізілді. Үміткерлерге оқушылар мен мұғалімдер дауыс берді.




























































































