Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша қаламыздағы А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің солдан оңға қарай:
- 4 курс студенті Жумабекова Алина
- техника ғылымдарының магистры Еріш Нұрбол Амантайұлы
- техника ғылымдарының кандидаты Молдахметова Замзагуль Қорғанбековна
- 4 курс студенті Аманова Айгерім
«Азық - түлік қауіпсіздігі және биотехнология» кафедрасының мамандары мен студенттері мектебіміздің 11 сынып білім алушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мамандар «Азық-түлік өнімдері технологиясы», «Қайта өңдеу және тамақ өңдірістерінің технологиясы», «Тамақ өнімдерін өңдірудегі стандарттау және сертификаттау» мамандықтары жайлы таныстырылып, мәлімет берілді.







































































































