Жаңалықтар
2023 жылдың 30 мамыр күні мектебімізде дәстүрге айналған «Алтынсарин жұлдыздарының шеруі-2023» атты дарынды оқушыларды марапаттау кеші өтті. Салтанатты кешті мектеп директоры Ы.С.Келинбердиева ашты.
2023 жылдың 30 мамыр күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының рәсім залында мектебіміздің Республикалық және Халықаралық ғылыми жобалар мен олимпиада жеңімпаздары мен жетекшілерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
«GULNAR FEST» халықаралық көп жанрлы байқауында мектебіміздің өнерлі оқушылары кезекті жеңістерге жетті.
Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» флешмобы аясында мектебімізде спорттық эстафеталық ойындар өтті.
Мектебіміз Лисаковск қаласында облыстық кәсіподақ мүшелерінің арасында өткен турслёт сайысынан жүлделі 1 орын иеленді.
Біздің мектебіміз «Менің сыныбым буллингке қарсы» бейнероликтер, суреттер, фотосуреттер челленджіне қатысты.
2023 жылдың 13,14 мамыр күндері Республикалық «Ясауи» олимпиадасы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтті.
«Үндестік» жобасы аясында педагогтар мен ата-аналардың өзара қимылын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған «Шаттыққа толы жүрекпен» атты іс-шараға белсенді қатысқан 5-9 сынып аналарына алғыс білдіреміз.
2023 жылдың 19 мамыр күні республика көлемінде 5-6 сынып оқушылары арасында жалпы пәндік олимпиаданың Республикалық кезеңі болды. Олимпиадаға 363 оқушы қатысып, 8 пән бойынша білімдерін сынады.
2023 жылдың 18 мамыр күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақапараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырған облыстық мультимедиялық жобалар фестивалі Қостанай педагогикалық колледжінің базасында өтті. Сайысқа 120 жұмыспен 150 оқушы қатысты.
17-18 мамырда 8-11 сыныптар арасында футболдан мектепшілік жарыс өтті.
"Отбасы күні" мерекесі аясында 9-11 сынып әкелерімен "Менің әкем-ең жақсы адам"
Педагогикалық ұжыммен «Өз көңіл-күйіңмен бөлісе біл!»
Бүгін мектеп ауласында білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және еңбекқорлыққа баулу мақсатында ұйымдастырылған "Тоғыз ай - тоғыз іс-шара" аясындағы білім беру ұйымдары арасындағы "Жасыл мекен" акциясымен көшеттер отырғызылды.
РОО «Сенімен Болашақ»-тың жетекшісі Алпысбаева Г. Ж. және психологы Арыстан Б. Қ. 10 сынып оқушылары арасында «Отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел сұрақ-жауап түрінде өткізілді.
2023 жылдың 11 мамыр күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында, 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Киелі домбыра үйірмесінің шәкірттері "Дарын" домбырашылар ансамблі 06 мамыр күні өткен "Fantastik Taler" Республикалық шығармашылық байқауына қатысып, БАС жүлдеге ие болды.
6-мамыр күні өткен "Оzat cup-ІІ" облыстық пікірсайыс турнирінде Жаксимбекова Жансулу және Қанатқызы Эльнура І орынға ие болса, арнайы финалда Искакова Азиза мен Акбар Аяжан І орыға ие болды.
2023 жылдың 2-4 мамыр аралығы Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 169 оқушы қатысты. Біздің де дарынды оқушыларымыз қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.
Бүгін сағат 11:00-де мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында мектепте "Еркін ел ұрпағы" атты жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді.




























































































