Ағымдағы жылдың 3 қазанда жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XV Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті. Олимпиада жаратылыстану-математика циклінің 4 пәні бойынша өткізілді: математика, физика, химия және биология.
Олимпиадаға облыстың білім беру ұйымдарынан 112 оқушы қатысты. Соның ішінде біздің мектебімізден 4 оқушы – Утилиева Айдана, Аманжол Алина, Едресов Бекарыс, Әнуарбек Нұрғали қатысты. Кезең қорытындысы бойынша 20 қазанда өтетін облыстық кезеңге 19 оқушы іріктелді. Сосын ішінде біздің мектебімізден үздіктер қатарына енген Утилиева Айдана 11 «Б» сынып оқушысы, Едресов Бекарыс 11 «Б» сынып оқушысы, Әнуарбек Нұрғали 11 «Б» сынып оқушысы. Оқушыларымызға алдағы уақытта болатын олимпиаданың облыстық кезеңінде сәттілік тілейміз!







































































































