«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Ағартушы -педагог Ы. Алтынсаринге арналған “Даланың алып қоңырауы” атты апталықтың төртінші күні мектебімізге биыл қабылданған 5-сынып оқушыларымен Ыбырай атамыздың кесенесіне бардық.

5-сынып оқушысының ата-анасы Тапаев Руслан атамыздың аруағына дұға оқып, құран бағыштады. Аналарымыз жеті шелпек пісіріп, құран оқылғаннан кейін оқушыларға таратты.Іс-шарамыз Ыбырай атамыздың “Кел,балалар,оқылық” өлеңінен бастау алып,оқушылар басқа да өлеңдері мен тәрбиелік мәні бар әңгімелерін жатқа оқып берді.Сонымен қатар, “бағып-қағуда көп мағына”бар деп ғибратты ой қалдырған атамыздың әңгімелерінің бірі “Бақша ағаштары” әңгімесін қойылым ретінде қойып берді. Киелі жерге жиналған 5-сынып оқушылары өлең, әңгімелерін ғана оқып қоймай, Ыбырай атамыздың өмір жолы туралы айтылған ақпараттармен де таныс болды.