«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Бүгін мектебімізде мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған «Менің алғашқы сабағым» атты флэшмоб өткізілді. Флешмобқа болашақта педагог мамандығын таңдаған 11-сынып оқушылары қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты болашақ мамандықты таңдауда өзін-өзі тану және өзін-өзі растау үшін жағдай жасау, педагогикалық мамандыққа қызығушылықты дамыту болды.

Сабақ беру барысында педагог мамандығын таңдаған білім алушыларымыз толғанысты, жауапкершілікті сезініп, қуаныш пен шабытқа бөленді.
11 «А» сынып оқушылары  Мұхтар Ильяс , Каримов Адиль, Акбар Аяжан, Сабит Дильназ, Базылжанова Дариға, Сарсембаева Асем 6 сынаптарға сабақ өткізді. Оқушылардың  жоспарланған сабағы тиісті деңгейде өтті. Сабаққа арналған дидактикалық материалдарын әзірлеген және қажетті оқу құралдарын дайындаған. Дублер-мұғалімдер пән мұғалімдері Ермагамбетова Меруерт Қайыркенқызы, Еришова Асыл Аубакировна, Салмағамбет Нұрболат Амангелдіұлы, Хамит Мақпал Айтуарқызы, Байсингирова Салтанат Молдабековна  бағыт-бағдар берді. Ұйымдастырылған іс-шараға мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері қатысты. Сабақтар аяқталған соң дублер-мұғалімдер кері байланыс ретінде алған әсерлерімен бөлісті. Іс-шараны қорытындылау мақсатында болашақ педагогтер эссе жазды.

1.Мұхтар Ильяс – Қазақ тілі

2.Каримов Адиль – Математика

3.Акбар Аяжан – Қазақ тілі

4.Сабит Дильназ – Математика

5.Базылжанова Дариға – Биология

6. Сарсембаева Асем - Ағылшын