Ағымдағы жылдың 18 қазанында Ұлы ағартуашы, педагог Ы.Алтынсаринге арналған «Даланың алып қоңырауы» атты апталық аясында мектебімізде әдістемелік бірлестіктер арасында КВЕСТ ойыны өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Ы.Алтынсаринның рухына тағзым ете отырып, өмір жолдарын, еңбектерін, үлгі-өнеге тұту. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға насихаттау.
Квест барысында қатысушыларға Ы.Алтынсаринның өмірбаяны, мұрасы, ашқан мектептері, ізбасарлары туралы әртүрлі тапсырмалар ұсынылды.
Іс-шара нәтижесінде:
І орынды Лингвистикалық әдістемелік бірлестігі, ІІ орынды Салауатты-эстетикалық әдістемелік бірлестігі және ІІІ орынды Жаратылыстану-математикалық бірлестігі иеленді.
Іс-шараны ұйымдастырған: Қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестігі.






































































































