«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп - гимназия - интернатында бүгін ағартушы - педагог Ы. Алтынсаринның 182 жылдығына орай «Даланың алып қоңырауы» атты апталық ашылды. Салтанатты жиын Ыбырай атаның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен ашылып, 5 - сынып оқушылары Ыбырай атаға әңгіме, өлеңдерін айтып, жырдан шашу шашты.

Ыбырай атамыздың өмірі мен шығармашылығына байланысты викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар жарыса жауап берді.

Ыбырай атамызға арналып бұрыш ашылып, мектебіміздің домбырашылар ансамблі күмбірлете күйлерін орындады. Әдістемілік бірлестік жетекшісі Булекбаева Ж.С апталықтың бағдарламасымен таныстырып өтті, апталық 16-20 қазан аралығында жоспарланған.