«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

2023 жылғы 28 қарашада «Қостанай қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық ғылыми жобалары конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Байқауға барлығы 275 жоба (оның ішінде 49 командалық) ұсынылды, олардың авторлары 324 оқушы болды. Соның ішіндегі 24 жұмыс біздің мектептің атынан ұсынылды. Жобаларды қорғау 19 секция бойынша өтті.

Жобаларды қорғау кезеңінің алдында плагиатқа қарсы жобаларға сараптама жүргізілді. 75 және одан да көп % өзіндік ерекшелігін көрсеткен жұмыстар қорғауға жіберілді.

Конкурс қорытындысы бойынша 24 жобаның 16-і жүлдегер атанды.

І орын:

  1. 11 «Б» сынып оқушылары Утилиева Айдана мен Мырзатаев Нұралы, информатика секциясы. Жетекшісі: Жаппасбаева Гульбаршин Айткуловна.
  2. 11 сынып оқушылары Бугатаева Аружан мен Раисова Аруана, қоршаған ортаны қорғау және адамның денсаулығы секциясы. Жетекшісі: Хамит Мақпал Айтуарқызы.
  3. 11 «Б» сынып оқушысы Едресов Бекарыс, химия секциясы. Жетекшісі: Серикбаева Акмарал Нурбековна.
  4. 10 «А» сынып оқушысы Оспанова Тамина, өлкетану секциясы. Жетекшісі: Зулгариев Риза Дуйсенбайулы.
  5. 10 «А» сынып оқушысы Өмірзақ Жансая, тіл білімі (қазақ тілі) секциясы. Жетекшісі: Булекбаева Жумаш Советовна.

ІІ орын:

  1. 11 «Б» сынып оқушысы Әнуарбек Нұрғали, химия секциясы. Жетекшісі: Жумагулова Куралай Жумановна.
  2. 10 «Б» сынып оқушысы Әлтай Нұрғалым, информатика секциясы. Жетекшісі: Манасбаев Шотбай Имашевич.
  3. 9 «Б» сынып оқушысы Қасымова Алтынай, өлкетану секциясы. Жетекшісі: Келинбердиева Ырсалды Сиелхановна.

ІІІ орын:

  1. 11 «А» сынып оқушысы Сарсембаева Асем, тарих секциясы. Жетекшісі: Туралина Роза Мирамбековна.
  2. 11 «Б» сынып оқушысы Даушева Айя, экономика секциясы. Жетекшісі: Зулгариев Риза Дуйсенбайулы.
  3. 11 «Б» сынып оқушысы Катаев Асат, экономика секциясы. Жетекшісі: Зейнуллина Мендыгуль Жанбуршаевна.
  4. 10 «Б» сынып оқушысы Ахмеджанова Айгерим, өлкетану секциясы. Жетекшісі: Зейнуллина Мендыгуль Жанбуршаевна.
  5. 9 «А» сынып оқушысы Есенкелдықызы Айдана, химия секциясы. Жетекшісі: Жумагулова Куралай Жумановна.
  6. 9 «А» сынып оқушысы Есенқұлов Ғасыр, этномәдениеттану секциясы. Жетекшісі: Нугуманов Агыбай Карынович.
  7. 9 «А» сынып оқушысы Мейрамхан Алдияр адам және қоғам секциясы. Жетекшісі: Тулегенова Айгуль Тулегеновна.
  8. 9 «А» сынып оқушысы Билгібай Сания, Тіл білімі (ағылшын тілі) секциясы. Жетекшісі: Бахитбекова Аяжан Ойратовна.

Байқау жеңімпаздары мен жетекшілерін құттықтаймыз.

Байқау жүлдегерлері конкурстың келесі кезеңінде – 13 желтоқсанда өтетін бейіндік пән бойынша тестілеуде сәттілік тілейміз!