Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Мектебімізде биылғы оқу жылында Lesson Study шығармашылық тобы математика пәнінен үш айналымнан тұратын сабақты зерттеу жұмысын жоспарлады. Зерттеу тақырыбы ретінде «Мәнмәтіндік тапсырмаларды қолдану арқылы, оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту» таңдалды.
Үш циклдан тұратын бірінші айналымды математика пәнінің мұғалімі Касыбаева А.Т. бастады. 5 «В» сынып математика курсының «Жай бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбына есептер шығару барысында оқушылар өмірмен байланысты мәнмәтіндік есептерді шығаруды үйренеді, есептің математикалық моделін құра білуге жаттығады.







































































































