«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Ағымдағы жылдың 5 қаңтарында Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында мектеп әдістемелік бірлестіктерінің отырысы өтті. Өткізу форматы - практикалық семинар. Отырыстың ерекшелігі - барлық 4 ӘБ бірігіп, ортақ бір іс-шара өткізді.

Отырыста ӘБ басшылары (Булекбаева Ж.С., Байсингирова С.М., Каримова Ж.К.) ІІ тоқсанның қорытындылары, шығармашылық топ басшылары (Жандаулетова Р.К., Нугуманов А.К., Еслямгалиева З.С., Есмагамбетова Г.Т., Абикенова Г.А., Тулегенова А.Т., Байтасова Б.Ш.) оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Отырыста зерттеу топтарының жұмысындағы оң сәттер, қиын сұрақтар мен жоспарлар қарастырылып талқыланды. Отырыс жұмысына ПШО тренері К. Б. Сағадиева да белсенді қатысты. Кенжегүл Биахметовна мұғалімдердің контекстік тапсырмаларды әзірлеу және оларды сабақта пайдалану бойынша жасалған жұмысына баға берді. Сонымен қатар, ол 3-4 тоқсанда осы жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар берді. Өткізілген отырыс өзектілігімен, мазмұнымен және практикалық бағыттылығымен ерекшеленді.