Сабақты зерттеу - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.
30.11 күні информатика пәні мұғалімі Манасбаев Ш.И «Деректер типтері.
Электронды кестеде есептеулер үшін формулалар құру» тақырыбында зерттеу сабағының І айналымын өткізді. Мәнмәтіндік тапсырмаларда есеп шартына байланысты кесте ұяшықтарына мәліметтер толықтырылды. Оқушылар өзін-өзі дескриптор бойынша бағалады. Кері байланыс жасалды.







































































































