2023 жылдың 30 мамыр күні мектебімізде дәстүрге айналған «Алтынсарин жұлдыздарының шеруі-2023» атты дарынды оқушыларды марапаттау кеші өтті. Салтанатты кешті мектеп директоры Ы.С.Келинбердиева ашты.
Мектебіміздің құрметті қонақтары «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту бөлімінің басшысы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының директоры, мектептің қамқоршылық кеңес төрайымы, Мұрат Қылышбайұлы Жакинның ата-анасы мен 2008-түлектер болды.
Мектеп абыройын халықаралық, республикалық, облыстық көлемде асқақтатып, зияткерлік, ғылыми, шығармашылық байқаулар мен спорттық сайыстарының жеңімпаздарына «Қосар жұлдыз», «Шоқ жұлдыз», «Ғаламат жұлдыз», «Шабыт жұлдызы», «Спорт жұлдызы» және жыл бойы оқушыларды жеңіс тұғырына жетелеген, әрі өздері де кәсіби жететістіктерімен ерекшеленген ұстаздар да марапатталып, үздік мұғалімге «Жыл мұғалімі» номинациялары табыс етілді.
Жыл бойы өзін жан-жақты қырынан танытқан, біліммен шығармашылықты қоса ұстаған, бірнеше облыстық, республикалық байқауларда жеңіс тұғырында көрінген «Дарын жұлдызы» Утилиева Айдана мен «Алтынсарин жұлдызы-2023» Ибжарова Айзат жыл оқушысы номинацияларына ие болды. Аталаған екі номинация бойынша оқушыларды қолдау үшін 2008 жылғы түлектердің алқа шешімімен «Мұрат Қылышбайұлы Жакин» атындағы стипендиясы тағайындалып тарту етілді.
2022-2023 оқу жылында халықаралық, республикалық, облыстық олимпиада, сайыстардың 93 жеңімпаздары мен кәсіби сайыстардың жеңімпаз ұстаздар және олимпиада, ғылыми сайыстар жеңімпаздарын дайындаған ұстаздар марапатталды.
«Жыл мұғалімі-2023” - Тасанова Г.М. атанды.
Рейтинг бойынша “Үздік педагог” 1-орын - Сейткожина Ш.К., 2-орын - Байтасова Б.Ш., 3-орын - Ермагамбетова М.К. иеленді.
Салтанатты кеш өте жоғары дәрежеде өтті.
Ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болсын!






































































































