«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

2023 жылдың 31 мамыр күні мектеп директоры Ы.С.Келинбердиева салтанатты түрде «Елбасы медалі» ұлттық жобасының күміс пен қола медалінің жүлдегерлерін марапаттады.

Жалпы «Елбасы медалі» жобасының басты мақсаты өскелең жас ұрпақтың қоғам мен мемлекет өміріне белсене ат салысуына, өз қабілеттерін ашуға көмектесу болып табылады. Қатысушылар осы негізде 3 түрлі: қола, күміс, алтын деңгейлерде, әртүрлі мерзім аралықтарында өз-өздерін дамытады. Сонымен қатар, жеке даму жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік ала отырып, 7 бағыт бойынша, атап айтқанда: «Кітап оқу», «Спорт және дене шынықтыру», «Дарын мен дағды», «Ұлттық мұра», «Волонтерлік», «Туристтік сапарлар» және «Еңбек тәжерибесі» бағыттарында жұмыс жасайды. Біздің де оқушыларымыз бұл жобаға белсене қатысты. Нәтижесінде «Елбасы медалі» жобасының жүлдегерлері атанған оқушыларымыз:

Күміс

11 «Б» сынып оқушысы Ғазиз Назира

Қола

10 «А» сынып оқушысы Искакова Азиза

9 «Б» сынып оқушысы Дундинова Арайлым

Барлық оқушыларды үлкен дәрежедегі жетістіктерімен құттықтаймыз!!!