2023 жылдың 22 қыркүйегінде мектеп қабырғасында 10-11 сынып оқушылары мен Назарбаев Университеті өкілдерінің кездесуі өтті
Кездесу барысында біздің білім алушыларымыз Назарбаев Университетінің бағдарламасымен танысып, оқуға түсушілерге қойылатын талаптар, оқуға қабылдау және оқу ортасы жайлы ақпарат алды. Университеттің білім беру үрдісі жайлы туындаған сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.






































































































