Біздің мектебіміз «Менің сыныбым буллингке қарсы» бейнероликтер, суреттер, фотосуреттер челленджіне қатысты.
Челлендж мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында буллинг мәселесіне оқушылар мен мұғалімдер назарын аудару, буллингке қарсы сана-сезімін қалыптастыру, осы қауіпті әлеуметік құбылысқа белсенді қарсы тұруға деген ұмтылысты тәрбиелеу. 8 «А» және 8 «Б» сынып оқушылары челлендж тақырыбында бейнеролик түсірді, ал 7 «Б» сынып оқушысы Жұмабек Шырайлым және 8 «В» сынып оқушылары Ибраева Аружан мен Кущанова Ләззат суреттер салды.






































































































