«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

2023 жылдың 30 мамыр күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының рәсім залында мектебіміздің Республикалық және Халықаралық ғылыми жобалар мен олимпиада жеңімпаздары мен жетекшілерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.


Аталаған іс-шара «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшының орынбасары Д. Ж. Сюндикованың алғы сөзімен бастау алды.

Оқушылар Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің дипломдары мен медальдармен марапатталды. Және ақшалай сертификат пен бағалы сыйлықтарға ие болды.

11 «А» сынып оқушысы Ибжарова Айзат – жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы – І орын; жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні – І орын.

10 «Б» сынып оқушысы Утилиева Айдана – жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы – ІІІ орын; жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада, орыс тілі пәні – І орын.

10 «А» сынып оқушысы Тасырова Аружан – жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада, орыс тілі пәні – ІІ орын.

11 «А» сынып оқушысы Малдыбаева Сымбат – жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада, ағылшын тілі пәні – ІІІ орын.

Жетекшілерге Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақаловтан «Алғыс хат» табысталды.

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деп бекер айтылмаса керек, бүгінгі күннің жеңімпаздары мен жетекшілері ерекше қошеметке ие болды.