Жаңалықтар
![](/images/it7/4/image1.jpeg)
Ағымдағы жылдың 18 қазанында Ұлы ағартуашы, педагог Ы.Алтынсаринге арналған «Даланың алып қоңырауы» атты апталық аясында мектебімізде әдістемелік бірлестіктер арасында КВЕСТ ойыны өткізілді.
Толығырақ
![](/images/it7/3/1.jpeg)
Республика күніне орай Қостанай облысы әкімідігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырылуымен өткен облыстық Турнир «Асық ату» 2010-2012 жылғы жасөспірімдер арасында 5 «А» сынып оқушысы Қанатұлы Қайырлан жүлделі III орынды иеленді.
![](/images/it7/2/image2.png)
ДИКТАНТ- САУАТТЫЛЫҚТЫҢ ШЫҢЫ
Ағартушы-педагог Ы. Алтынсаринге арналған «Даланың алып қоңырауы» атты апталықтың екінші күнінде мектеп-гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Булекбаева Ж. С, Тасанова Г.М, Ермагамбетова М.К «Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы» деп аталатын айдармен 5-7-сыныптарда қазақ тілі сабақтарында Ыбырай атаның әңгімелерін дәріптеу мақсатында «Жаман жолдас» (5-сыныпқа), «Бір уыс мақта» тақырыптарында (6-7-сыныптар) диктанттар жазды.
![](/images/it7/1/3.jpg)
Бүгін мектебімізде Ы.Алтынсариннің шығармашылығымен танысу мақсатында ұйымдастырылған "Ыбырай әлеміне саяхат" атты интеллектуалды квест ойыны өтті.
![](/images/it17/-/1/1.png)
Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп - гимназия - интернатында бүгін ағартушы - педагог Ы. Алтынсаринның 182 жылдығына орай «Даланың алып қоңырауы» атты апталық ашылды. Салтанатты жиын Ыбырай атаның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен ашылып, 5 - сынып оқушылары Ыбырай атаға әңгіме, өлеңдерін айтып, жырдан шашу шашты.
![](/images/it7/1/1.jpg)
Ағымдағы жылдың 16 қазанында облысымызда «Менің кіші Отаным» атты VI Республикалық интеллектуалдық конкурсы өтті. Конкурс 9-10 сынып оқушыларына арналған және олардың қоғамдық белсенділігін дамытуға, өлкетану мен мемлекетіміздің тарихын тереңірек білуге бағытталған.
![](/images/it7/1/2.jpg)
«Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК 9 сынып оқушылары үшін «Кәмелетке толмағандар арасында психоактивті заттардың алдын алу» тақырыбында семинар-тренингті өткізілді.
![](/images/--0/11.png)
Бүгін мектепішілік 8-11 сыныптар арасында «Солистер» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - оқушыларға соқыр он саусақты әдісті меңгеру және компьютер пернетақтасында басып шығару жылдамдығын арттыру, оны іс жүзінде қолдану; он саусақты әдіспен мәтіндік ақпаратты теру дағдыларын дамыту.
![](/images/it17/-1/2.jpg)
Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы ММГИ-де мектеп президентін сайлау өткізілді. Үміткерлерге оқушылар мен мұғалімдер дауыс берді.
![](/images/it17/-1/1.jpg)
Ағымдағы жылдың 3 қазанда жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XV Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті. Олимпиада жаратылыстану-математика циклінің 4 пәні бойынша өткізілді: математика, физика, химия және биология.
![](/images/01.png)
Бүгін жоғары сынып оқушылары мұғалім болып, ұстаздарымыз қайта оқушы атанды. Ы.Алтынсарин атындағы ММГИ-дегі дублер күнін тамашалаңыздар!
![](/images/01.png)
Бүгін мектебімізде мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған «Менің алғашқы сабағым» атты флэшмоб өткізілді. Флешмобқа болашақта педагог мамандығын таңдаған 11-сынып оқушылары қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты болашақ мамандықты таңдауда өзін-өзі тану және өзін-өзі растау үшін жағдай жасау, педагогикалық мамандыққа қызығушылықты дамыту болды.
![](/images/01.png)
Бүгін мектебіміздің ата-аналар комитетімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ата-аналар комитетінің жылдық жоспары талқыланды және “Үндестік” жобасы аясында ата-аналардың іс-әрекеті жайлы сөз қозғалды.
![](/images/01.png)
1 қазан - Қарттардың халықаралық мерекесі. Осы мерекеге орай мектебіміздің төріне зейнеттегі ұстаздар мен қызметкерлер шақырылды. “Қарттарым - асыл қазынам” мерекелік іс-шарасына филармониядан қонақтар шақырылды, мектебіміздегі театр, домбыра, ән және би үйірмелерінің қатысушылары өз өнерлерін паш етті.
![](/images/--0/29.09%20volejbol.jpg)
29 қыркүйекте мектебіміздің волейбол құрама командасы №15 мектептің құрама командасымен жолдастық кездесу өткізді. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
![](/images/01.png)
![](/images/01.png)
Қыркүйек айының соңғы жексенбісі - еңбек күні! Мектеп парламентінің мүшелері оқушылардың атынан мектеп қабырғасында еңбектеніп жүрген барлық жанға алғыс айтады.
![](/images/--0/4/cempion.jpg)
Қазақстанда оқушылар арасында алғаш рет ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан әлем чемпионатында “Блиц” бойынша ІІ орынды иеленген мектебіміздің оқушысы Әлібекқызы Айымды құттықтаймыз!
![](/images/--0/5/teatr1.jpg)
Адам бүгін театрға ертең адам болып қалу үшін барады.
•Робер Лепаж
![](/images/--0/3/nis.jpg)
2023 жылдың 22 қыркүйегінде мектеп қабырғасында 10-11 сынып оқушылары мен Назарбаев Университеті өкілдерінің кездесуі өтті