Жаңалықтар
![](/images/m1/-6/343452106_1156408851694583_5989510774673858087_n.jpg)
Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Балалар жылына орай ұйымдастырылған Қазақстан мектептері мен колледждерінің бітіруші түлектер арасында өткен Республикалық ғылыми ІТ-жобалар байқауында 10 Б сынып оқушылары Мырзатаев Нуралы мен Утилиева Айдана жүлделі 2 орынға ие болды.
Толығырақ
![](/images/m1/-7/343561734_1521946011670095_3875814297675762544_n.jpg)
«Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК орталығының психологы Г.А.Бисимбаева 6-8 сынып оқушыларына нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің алдын алу және басқа да темекі қоспаларын қолдануды азайту мақсатында «Алкоголь, электронды темекі, шылым шегетін қоспалар, дәмдеуіштер және басқа да синтетикалық препараттардың зиянды әсері» тақырыбында дәріс өткізді.
![](/images/m1/-8/342724742_1473347280159656_8046069332000378147_n.jpg)
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ "Облыстық "DODA" дарынды және шығармашыл балалар лигасы» жобасына 5 сынып оқушыларынан құралған "Дарын" және 6 сынып оқушыларынан құралған "Мен қазақпын" командалары барып, өз бақтарын сынап келді. 8 командадан алға суырылып 6 сынып оқушыларынан құралған "Мен қазақпын" командасы "Мобильді ойындар" сайысының жеңімпазы атанып "GAMER" марапатына ие болумен қатар, "ДОДА" жеңімпазы атанып, "Бас" кубоктың иегерлері болды.
![](/images/m1/-9/whatsapp%20image%202023-04-25%20at%2013.14.01.jpeg)
"Салауатты өмір-жарқын болашақ" атты Салауатты-эстетикалық пәндер апталығы аясында 24 сәуір күні мектебімізде "Кумихимо" білезіктер тоқу техникасын үйрету бойынша мастер-класс өтті.
![](/images/m1/-10/343183892_3456040344653075_2733855351269673227_n.jpg)
25 сәуірде өткен RoboLand-2023 VIII Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінде "Шығармашылық" бағыты бойынша 10 Б сынып оқушылары Марзатаев Нуралы мен Утилиева Айдана жүлделі 1 орынға ие болып, Республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Жаппасбаева Г.А.
![](/images/m1/-11/foto.jpg)
Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткізілген "NIS CUP 3" атты аймақты турнирінде "Соңғы рет келіп едік" фракциясы Қанатқызы Эльнура және Жаксимбекова Жансулу 1 орын иеленді. 36 спикердің ішінен көзге түсіп, спикерлік ұпай бойынша 2 және 3 орындарға орналасты.
![](/images/55/53/olimpiada%20zldegerleri.jpg)
2023 жылдың 18, 20 сәуір күндері Республика көлемінде 9-11 сынып аралығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Қостанай командасының қоржынында 16 жүлделі орын: І орын - 5, ІІ орын - 3, ІІІ орын - 8, грамота - 5. Бұл жеңіске біздің де оқушылар өз үлестерін қосты:
![](/images/55/53/zarkyn%20bolasak.jpg)
2023 жылдың 21 сәуір күні «Дарынды балаларға арналған білім-инновация лицей-интернаты» КММ базасында 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
![](/images/55/53/whatsapp%20image%202023-04-21%20at%2013.44.11.jpeg)
Лингвистикалық пәндер апталығы аясында 5-7 сыныптар арасында “Spelling Bee” сайысы болып өтті. Сайысқа мектеп бойынша шамамен 130 оқушысы қатысты. Сайыс 2023 жылдың 10-21 сәуір аралығында (бір апта бұрын басталып) өткізілді. Spelling Bee байқауының мақсаты:
![](/images/55/49/whatsapp%20image%202023-04-20%20at%2018.29.59.jpeg)
20.04.2023 күні мектебімізде лингвистикалық пәндер апталығы аясында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Парад литературных героев» сахналық қойылымы болып өтті. Қойылымға 8-10 сынып оқушылары қатысып, актерлік шеберліктерімен көрермендерді тәнті етті. Кеш барысында көрермендер назарына Джейн Остиннің «Гордость и предубеждение», А.П.Чеховтың «Лошадиная фамилия», А.Н. Островскийдің «Гроза», Г.Х.Андерсеннің «Снежная коралева», А.С. Пушкиннің «Моцарт и Сальери», Т.Пауэрдің «Пираты Карибского Моря», А. Гриннің «Ассоль» монологы сынды туындылардан үзінділер ұсынылды.
![](/images/55/48/1.jpg)
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ -де ағымдағы жылдың 19 сәуірінде 6-9 сынып оқушыларының Гете-институттың тіл көмекшісі Дэвид Прайбишпен және Slz-Kostanai неміс тілі орталығының директоры Оксана Дмитриевамен кездесуі өтті.
![](/images/55/46/whatsapp%20image%202023-04-19%20at%2018.14.01.jpeg)
19 сәуір күні лингвисткалық әдістемелік бірлестік апталығы аясында 7 сыныптар арасында “Полиглот” зияткерлік сайысы өтті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Габдуллина А.Е. оқушылардың орыс және ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында бұл сайысты ұйымдастырды. Оқушылар үшін сайыс өте қызықты, әрі танымды болды. Нәтижесінде 7 “Б” сынып оқушылары жеңіске жетті, барлық оқушыларға тәттілер сыйлық ретінде берілді
![](/images/55/44/3.jpeg)
19.04.2023 күні «Лингвистикалық пәндер» апталығы аясында 6- сыныптар арасында «Брейн - ринг» сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты ойын арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сайысқа төрт қатысушыдан 4 топ қатысты. Топтар арасындағы тартыс қызу да қызықты болды. Қатысушылар орыс және ағылшын тілдерінде берілген тапсырмаларды жылдам әрі дұрыс орындап отырды.
![](/images/55/44/1.jpeg)
17.04.2023 жылы Лингвистикалық пәндер апталығы аясында, мектебіміздің жас мамандары арасында «Genius» зияткерлік сайысы болып өтті. Сайысқа төрт қатысушыдан құрылған үш топ қатысты. Сайыстың сергіту сәті кезеңінде қатысушыларға «Spelling Bee» ойыны ұсынылды. Ал негізгі кезеңінде қатысушыларға екі тілде зияткерлік сұрақтар қойылды. Нәтижесінде
![](/images/55/43/1.jpg)
2023 жылдың 17 сәуір күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» «Өзге тілді білу - әлемді өзге қырынан көрумен тең» атты лингвистикалық пәндер апталығының ашылу салтанаты өтті.
![](/images/55/27/1.jpeg)
29 наурыз күні «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ ұйымдастыруымен «Экожүйелік білім беру векторындағы мұғалімдердің құзыреттіліктерінің Soft skills ресурстық әлеуеті» тақырыбында өткен Қостанай облысы химия, биология мұғалімдерінің съезі өтті.
![](/images/55/26/338409616_740972647755629_5024102672754657891_n.jpg)
29 наурыз күні Арқалық қаласындағы «Арқалық қазақ Жасөспірімдер театрында» Торғайдың топ жарғаны, халық ақыны - Нұрхан Ахметбековтың 120 жылдығына арналған «Жас тұлпар» облыстық оқушылар айтысында Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп гимназия-интернатының 6 "б" сынып оқушысы Шұғыла Аманбек үздік өнер көрсетіп, жүлделі II орынды жеңіп алды. Жетекшісі– ҚР мәдениет саласының үздігі Салтанат Өтелбаева.
![](/images/55/26/whatsapp%20image%202023-03-29%20at%2011.12.23.jpeg)
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы педагогикалық шеберлік мектебі аясында 2023 жылғы 28 наурызда «Федоров ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында Федоров және Қарабалық аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша дарынды балалармен жұмыстағы заманауи педагогикалық технологиялар» атты көшпелі семинар (бұдан әрі – семинар) өткізді.
![](/images/55/26/pedkees.jpg)
«Тәрбие процесінің тиімділігін арттырудың міндетті шарты ретінде отбасы мен мектеп арасындағы байланыс» тақырыбында өткен педагогикалық кеңес туралы ақпарат
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ 2023 жылғы 27 наурызда «Тәрбие процесінің тиімділігін арттырудың міндетті шарты ретінде отбасы мен мектеп арасындағы байланыс» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Мақсаты - осы бағытта жүргізілген жұмыстың нәтижелілігін анықтап, мектеп пен отбасының өзара ынтымақтасу жұмысын жетілдіру жолдарын қарастыру.