Республикалық конкурсқа қатысуы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасына қарасты Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, дене шынықтыру пәні мұғалімі Абдигалиев Нурбол Умурзакович «Инновациялық педагогикалық идея фестивалі» Республикалық конкурсына қатысып, «Шеберлік палитра» бағыты бойынша І орын иеленді
Ұстаз байқауға «Асық – балалық шақ пен болашақтың көпірі: ұлттық құндылықтың пәндермен интеграциясы» атты жобасын ұсынып, жоғары нәтиже көрсетті. Бұл жетістік – ұстаздың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің дәлелі.
Нурбол Умирзаковичті жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жұмысына табыс, тың идеялар мен жаңа жетістіктер тілейміз






































































































