«Ананың аялы алақаны» челленджі
8 наурыз – аналарымыз бен аруларымызға деген ерекше құрмет пен сүйіспеншіліктің мерекесі. Осы мерекеге орай мектебіміздің оқушылары «Ананың аялы алақаны» челленджін қабыл алып, анаға деген алғыстары мен ыстық лебіздерін білдірді.
Ананың мейірімі мен қамқорлығы – әр баланың жүрегіндегі ең жылы сезім. Оқушыларымыз ананың алақанындай жылылық пен махаббатты дәріптеп, өз ризашылықтарын білдірді.
Барша аналарымызға шексіз алғыс, зор денсаулық және бақыт тілейміз!





































































































