«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Тәрбиеші - жүрегі жақсылық пен жаңалыққа толы ұлы тұлға. Самратова Ұмсынай Мұхтарқызы - Қостанай қаласы Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернатында 1989 жылдан бері тәрбиеші қызметін атқарып келе жатқан білікті педагогтардың бірі.

Бойындағы барлық білім мен білікті, тәрбиені баланың жүрегіне жеткізу жолында Ұмсынай Мұхтарқызы тәрбиешіден аға тәрбиешіге дейін жұмыс атқарып, оның алдынан талай шәкірт білім мен тәрбие алып, қазіргі таңда респубикамыздың түкпір-түкпірінде қызмет атқарып отыр.

Ұмсынай Мұхтарқызының бағыты – тура, мақсаты — айқын, білім саласында бүгінгі күнде жеткен жетістіктері де аз емес.

Бүгінгі таңда Ұмсынай Мұхтарқызы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі "Еңбек ардагері" медалімен марапатталып отыр. Құрметті

Ұмсынай Мұхтарқызы, сізді мектеп ұжымы атынан осы марапатыңызбен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, дарынды да, білімді шәкірттеріңіз көп болсын деген иігі тілек білдіреміз.