1 наурыз – Алғыс айту күні
Бүгін біз мектептің тазалығы мен тәртібін қадағалап, күн сайын көзге көрінбейтін, бірақ аса маңызды еңбек атқарып жүрген жандарға шынайы алғыс айтамыз.
Мектеп іші әрдайым таза, жарық әрі жайлы болуы – сіздердің маңдай терлеріңіздің нәтижесі. Бұл – үлкен жауапкершілік пен адалдықтың белгісі.
Сіздердің еңбектеріңіз – құрметке лайық! Береке мен бақ, мықты денсаулық тілейміз!





























































































