Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес «Тәжірибені ұғыну және ішкі күш» тренингтік бағдарламасы негізінде 6–9 сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған бірлескен кездесу өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы өзара түсіністікті нығайту, сенімді қарым-қатынас орнату және оқушылардың ішкі ресурстарын ашуға ықпал ету болды.
Тренинг барысында қатысушылар түрлі жаттығуларға қатысты. Ата-аналар мен оқушылар бір-бірінің ойы мен сезімін тыңдауға, қолдау көрсетуге және қиын жағдайларда тиімді шешім қабылдау жолдарын талқылауға мүмкіндік алды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті. Нәтижесінде ата-аналар мен балалар арасында сенімді қарым-қатынасты дамытуға бағытталған маңызды қорытындылар жасалды.
Осындай бірлескен шаралар отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың жан-жақты дамуына оң әсерін тигізеді.





























































































