NIS CUP жеңімпаздары!
Біздің мектептің баскетбол командасы 20.02 күні NIS CUP турнирінде тамаша өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды!
Команда ойын барысында ұйымшылдықтың, табандылықтың және нағыз спорттық мінездің үлгісін көрсетті. Әрбір ойыншы алаңда бар күш-жігерін салып, мектеп намысын абыроймен қорғады!
Жеңіс – тек ұпай емес, бұл – еңбек, тәртіп және бірлік нәтижесі.
Командамызды шын жүректен құттықтаймыз! Алда бұдан да биік белестер күтіп тұр!





































































































