1 наурыз – Алғыс айту күні
Бүгін біз ең жақын жандарымызға – ата-аналарымыз бен достарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Құрметті ата-аналар! Сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз – балалардың жетістікке жетуінің басты тірегі. Мектеппен тығыз байланыста болып, әр бастамамызды қолдап жүргендеріңіз үшін үлкен рақмет! Сіздердің мейірімдеріңіз бен тәрбиелеріңіз – болашақтың берік іргетасы.
Қымбатты достар! Қуанышты сәттерді бірге бөлісіп, қиындықта демеу бола білетін достық – ең үлкен байлық.
Баршаңызға амандық, береке, жүрек жылуын тілейміз!





























































































