Жаңалықтар
Бүгін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ ұйымдастыруымен «BOLASHAQ» облыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Турнир онлайн форматта, ZOOM қосымшасы арқылы өткізілді.
Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Мектебімізде биылғы оқу жылында Lesson Study шығармашылық тобы математика пәнінен үш айналымнан тұратын сабақты зерттеу жұмысын жоспарлады. Зерттеу тақырыбы ретінде «Мәнмәтіндік тапсырмаларды қолдану арқылы, оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту» таңдалды.
Ағымдағы жылдың 15 қарашасынан бастап Б. Ш. Байтасова басқаратын орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық тобы Lesson Study өткізді.
Ағылшын тілі пәні бойынша Lesson Study сабақтар тізбегінің бірінші айналымы басталды.
Педагогтердің шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруы мен кәсіби өсуін ынталандыру, мұғалімдердің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» ағымдағы жылдың 17 қарашасында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Кездесу барысында білім алушыларға кәсіптік бағдар ретінде 6В04101-Экономика
6В04104 - Қаржы
6В11102 - Мейрамхана және қонақ үй бизнесі білім беру бағдарламалары таныстырылды.
5А сынып оқушысы Қанатұлы Қайырлан - II орын , 8Б сынып оқушысы Досова Даяна III орын иеленді. Оқушыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
Мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұлттық ойындар ұйымдастыру қолға алынған. Осы жолда турнирді ұйымдастырушы, мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрбол Өмірзақұлы еңбек етуде.
Сонымен қатар, өнерлі оқушыларды өрге жетелеген мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Байдрахманова Нургуль Аянбаевнаны құттықтаймыз!
Қараша айының 12 жұлдызында Қостанай қаласында өткізілген «Gulnar fest» халықаралық көп жанрлы шығармашылық байқауында «Керуен» домбырашылар тобы бас жүлдені иеленді.
Ағылшын тілі пәнінен Капанова Самира, Тюлеухан Ақерке II орын. Жетекшісі - Габдуллина Айгерим Ерболатовна.
3-4 қарашада Қарағанды қаласында өткен RoboLand 2023 VIII Халықаралық робототехника, бағдарламалау мен инновациялық технологиялар фестивалінде 15-18 жас аралығында “Шығармашылық санат” бойынша мектебіміздің 11 сынып оқушылары Утилиева Айдана мен Мырзатаев Нұралы құрған “Морская черепаха” командасы жүлделі 3 орынға ие болды.
"Дарынды балаларға - талантты ұстаз" атты Республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты - жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау. Олимпиадаға 5 жылдан аспайтын жұмыс өтілі бар жас педагогтер, тәлімгерлер, психологтар қатысты.
Мектебіміздің аға тәлімгері Сальмагамбетова Сымбат Амангелдиновна Қостанай обылысы әкімдігінің білім басқармасы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының «Дарынды балаларға - талантты ұстаз»
2023 жылдың 1 қарашасында жоспар бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ мұғалімдердің әдістемелік бірлестік отырыстары өтті.
2023 жылдың 1 қарашасында жоспар бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ Lesson study және Action research шығрамашылық топтарының отырысы өтті.
Отырыс барысында озық тәжірибе мектебінің жетекші Ермагамбетова М.К. биылғы оқу жылына қойылған мақсаттар мен міндетерді, жұмыстың жоспарын өзектендіріп, озық тәжірибені анықтау, зерттеу, жинақтау, ұсыну әр кезеңіне тоқталып кетті. Сонымен қатар озық тәжірибені жалпылау және зерделеу Ережелерімен таныстырды.
Мектебіміздің 6 сынып оқушылары Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында республикамызға есімі белгілі жазушылар – павлодарлық Нұрбек Кеңесбай және алматылық Орал Арукеновтың қатысуымен өткен іс-шараға қатысты.
Ыбырай Алтынсариннің атын алған астаналық BINOM мектебінің ұжымы мектебімізге қонаққа келді. Іссапарға келген әріптестеріміз мектебіміздің тарихымен, ішкі жүйесімен және мұражаймен танысты. Болашақта бірге атқарылатын жұмыстар талқыланып, біраз жоспарлар құрылды. @binom.altynsarin мектебінің ұжымына алғыс білдіреміз!
2023 жылдың 20 қазан күні жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың ІІ (іріктеу) кезеңі өтті. Кезең қорытындысы бойынша олимпиаданың соңғы кезеңіне қатысатын оқушылар іріктелді.





































































































