«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

«Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК 9 сынып оқушыларына Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған науқан аясында «Жасөспірімдер арасында АИТВ-ның алдын алу!» атты семинар-тренинг өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаттары: АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша оқушылардың хабардарлығын арттыру, денсаулықты сақтайтын мінез-құлықты қалыптастыру, АИТВ-инфекциясымен өмір сүретіндерге қатысты толерантты көзқарас қалыптастыру. Іс-шара барысында профилактикалық бөлімінің педагогы АИТВ-инфекциясының таралу жолдары мен алдын алу әдістері туралы айтып өтті. АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша пікірталас, сондай-ақ «Сұрақ – жауап» атты тренинг өткізілді. Оқушыларымыз белсенді болып, қызығушылық танытты. Аталған іс-шарада профилактикалық бөлімінің педагогы Қадрон С.А. сөз сөйледі. Іс-шараның соңында білім алушыларға ақпарат жазылған брошюралар таратылды. 

Ұйымдастырушы: мектеп психологы Умуртаева Г.А.