«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

Терең тарихтан - жарқын болашаққа атты тарих апталығы

Ардақты оқушылар мен қадірлі әріптестер! Бүгін мектебімізде "Терең тарихтан - жарқын болашаққа" атты тарихтың тереңіне бойлайтын ерекше тарих апталығына сапарымызды бастадық.

Тарих апталығы бұл тек өткенді еске алу ғана емес, ол біздің түбімізді танып, болашағымызға бағдар табу жолындағы ұлы мүмкіндік.

Бұл апталықтың мақсаты – халқымыздың асыл мұрасын құрметтеп, оның рухани байлығын ұрпақ санасына сіңіру. Әр сабақ пен әрбір іс-шара сіздерді тарихтың жұмбақ сырларына жақындатады.

Барлықтарыңызды осы іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз.

Бірге зерттейік, бірге үйренейік және бірге ел ертеңіне үлес қосайық.

Тәуелсіздік күніне орай 2024 жылдың 11 желтоқсанында «Терең тарихтан – жарқын болашаққа» атты тарих апталық аясында 5-6 сыныптар арасында «Тарихыңды таны» атты интеллектуалдық ойын өткізілді.Мақсаты: оқушылардың тарихқа деген қызығушылықтарын арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқушылар сайысқа белсенді ат салысты. Өткізген тарих пәні мұғалімі Досжанова Ж.Т.

Тарих қадамдары Квест

"Терең тарихтан - жарқын болашаққа" тарих апталығы аясында 9-11 сынып оқушылары арасында "тарих қадамдары" атты квест өткізілді.

Мақсаты - оқушылардың тарих пәніне қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлтжандылыққа, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Квест 11 локациядан тұрды:

Старт - "жылдар сөйлейді"

"Тарих тұлғалары"

"Қазақ хандары шежіресі"

"Мақал-мәтелдер"

"Мектеп тарихы сыр шертеді"

"Қазақстан картасы"

"Халық дәстүрі - асыл қазына"

"Қазақстан қалалары"

"Өз өлкеңді таны"

"Ойлан тап"

Финиш

Квест қорытындысы бойынша 11 "А" сынып жеңіске жетті.

Тәуелсіздік күніне орай "Терең тарихтан - жарқын болашаққа" тарих апталығы аясында мектеп ұстаздарымен "Қызық екен" зияткерлік сайысы өткізілді.

Мақсаты: еліміздің тарихын насихаттау және ынтымақтастық педагогикасын қалыптастыру арқылы ұстаздардың зияткерлік әлеуетін арттыру.

Сайыс 5 кезеңнен тұрды:

"Көзіңнен танимын"

"Мақал - сөздің мәйегі"

"Жұптап сәйкестендіру"

"Тапқыр болсаң тауып көр"

"Тарихты өзгерткен тұлғалар".

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз команда мен үздік ойыншы ағылшын пәні мұғалімі Жусупова Жанерке Муратовна анықталды.

Ұйымдастырған тарих пәні мұғалімі Зулгариев Риза Дуйсенбайулы және оқу-ағарту фракциясы.