Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Қостанай қаласының № 17 жалпы білім беретін орта мектебінің базасында «Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Біздің мектеп-гимназиядан байқауға жас мұғалімдер қатысты. Көркем еңбек пәні мұғалімі Саин Думан Асқарұлы күрделі құрылғылардың прототипін жасау идеясын ұсынды. Математика пәні мұғалімі Салмағамбет Нұрболат Амангелдіұлы өз сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды пайдалана отырып, оқушылардың қаржылық сауаттылығын дамыту жобасын ұсынды. Сондай-ақ, ағылшын тілі мұғалімі Қазман Сандина Серікқызы ағылшын тілінде мән-мәтіндік тапсырмалардың шынайы өмірмен байланысын көрсете алды.
Үш мұғалім де жүлделі орындарға ие болды: Думан Асқарұлы мен Сандина Серікқызы – I орын, Нұрболат Амангелдіұлы – III орын. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!






































































































