«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай қ., Алтынсарин көшесі, 118
+7 (7142) 54 56 94
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
«Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық» Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ

«Үздік авторлық бағдарлама»

Мектебіміздің педагогтері республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» кәсіби байқауына қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін мақтанышпен хабарлаймыз!

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сейдахметова Гүлзат Сәбитқызы өзінің «Сызу пәні бойынша 3D модельдеу бағдарламасының арнайы графикалық редакторларда қолдану» 9-сынып оқушыларына арналған таңдау курсының бағдарламасымен ІІ жүлделі орынды иеленді. Бағдарлама жаңашылдығы мен практикалық құндылығы үшін қазылар алқасының жоғары бағасын алды.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абикенова Гүлбану Әбдірзаққызы «YAMUN (Y. Altynsarin Model United Nations) Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Моделі» жоғары сынып оқушыларына арналған элективті курс бағдарламасының шығармашылығы үшін Грамотамен марапатталды.

Байқау біздің мұғалімдерімізге жоғары кәсібилік, шығармашылық және білім беру бағдарламаларын әзірлеуде шеберлік көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз және оларға табыс пен шабыт тілейміз!