Құрметті әріптестер!
2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 - бабының 5 - тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі Типтік қағидаларға сәйкес, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп - гимназия - интернаты» қазыналық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Талдаудың мақсаты:
Мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын - алу және оларды жою.
Талдау аясында:
- талдау нысаны бойынша ақпараттарды жинау және талдау;
- аналитикалық анықтама дайындау;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды анықтап, олардың тізбесін қалыптастыру;
- анықталған тәуекелдерді жою бойынша шаралар қабылдау жоспарлау.
Аталған талдау Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, әділ, құпиялылық және кәсіби этика қағидаттары негізінде жүргізіледі.
Қызметкерлер мен мүдделі тараптарды шынайы ақпарат пен ұсыныстар ұсыну арқылы талдау процесіне белсенді қатысуға шақырамыз.







































































































