8 желтоқсан күні мектеп-гимназия интернаттың бракераж комиссиясы асханаға барып, жоспарлы бақылау жүргізді
Комиссия мүшелері асхананың санитарлық жағдайын, тазалығын, азық-түлік өнімдерінің сапасы мен сақтау мерзімдерін, тағам дайындау технологиясының талапқа сай орындалуын қарады. Сонымен қатар күнделікті ас мәзірі тексеріліп, оқушыларға берілетін тағамдардың құндылығы мен қауіпсіздігі бағаланды.






































































































